
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 16 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Алматы қ.: кешке 16, түнде 17 мамырда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.
Шымкент қ.: 16 мамырда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
16 мамырда күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 30 м/с және одан аса. 16 мамырда Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Кешке 16, түнде 17 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз 16 мамырда облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с, күндіз 16, түнде 17 мамырда кей уақытта 27 м/с.
16 мамырда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
16 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 мамырда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 мамырда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
16 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
16 мамырда түнде Павлодар облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
16 мамыр Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 мамырда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 мамырда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 мамырда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.
16 мамырда Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 мамыр Ұлытау облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.