МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылғы 15 мамырда күтілетін дауылды ескертулер

15 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.         

15 мамырда Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Көкшетау қ.: 15 мамырда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

15 мамырда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында  тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігіенде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі.

Петропавл қ.: 15 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

15 мамырда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с.    

15 мамырда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 15 мамырда түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

15 мамырда түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл. Түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 15 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

15 мамырда Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

15 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

15 мамырда Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

15 мамырда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.                       

Атырау қ.: 15 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

15 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 15 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 15 мамырда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

15 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 15 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

15 мамырда Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі.

Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, Қазалы ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.

15 мамыр түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 15 мамыр түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

15 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

Дата публикации
15 мая 2024
Дата обновления
15 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы