МЧС

Меню

Страницы

Статья

штормовое предупреждение

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 14 мамырда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

14 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігіенде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігіенде екпіні 25 м/с. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Петропавл қ.: 14 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

14 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана қ.: 14 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 14 мамырда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

14 мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай қ.: 14 мамырда солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

14 мамырда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.  

Павлодар қ.: 14 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

14 мамырда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 14 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

14 мамырда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 14 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20м/с.

14 мамырда күндіз Абай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз обылысының батысында, солтүстік-батысында 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с.

Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қ.: 14 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

14 мамырда Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, Қазалы ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 14 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

14 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

14 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

14 мамырда Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
13 мая 2024
Дата обновления
13 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы