МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескерту 

2024 жылғы 06 мамырдан

Алматы қ: 2024  жылдың 07–13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

2024 жылғы 12 мамырдан

Астана қ.: 13 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 13 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

13 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 13 мамырда түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с.

13 мамырда түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 13 мамырда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

13 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 13 мамырда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

13 мамырда Ақтөбе облысының түнде солтүстік жартысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың қиыр оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 мамырда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 13 мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қостанай қ.: 13 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.                                                      

13 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 13 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

13 мамырда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 мамырда Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 мамырда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 13 мамырда күндіз найзағай күтіледі

13 мамырда түнде Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 мамырда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

13 мамырда Алматы облысының және Алматы қаласының таулы,  тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

13 мамырда Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 13 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, Қазалы ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
12 мая 2024
Дата обновления
12 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы