МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

 Алматы қ.: 12 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі.

 2024  жылдың 12–13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

12 мамырда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай. Тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 17-22 м/с.

Ұзын Қарғалы өзені - Фабричный ауылының гидрологиялық бекетінде тауларда қардың қарқынды еруі және температуралық фонның жоғарылауы нәтижесінде су деңгейінің күрт өсуі байқалады. Су деңгейі 10.05.2024 ж. сағат 17.30-де 160 см құрады. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі мүмкін. Шеткі (критикалық) деңгей 160 см.

Проходная өзені – сағасы гидрологиялық бекетінде қатты жауын-шашынның өтуі және температураның жоғарылауы нәтижесінде су деңгейінің күрт өсуі байқалады. Су деңгейі  10.05.2024 ж. сағат 17.30-де 298 см құрады. су деңгейінің одан әрі көтерілуі мүмкін. Шеткі (критикалық) деңгей 310 см.

 12 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 12 мамырда Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

 12 мамырда Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, Қазалы ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

12 мамырда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

 12 мамырда күндіз кей уақыттарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 12 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 12 мамырда күндіз Ақтөбе облысының облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде шанды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстіктен, оңтүстіктен, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

 12 мамырда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 12 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батысында, батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі

 12 мамырда Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.

12 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде топырақтың бетінде 1-3 градус үсіқ күтіледі.

12 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

 Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
11 мая 2024
Дата обновления
11 мая 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы