
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылғы 11-13 мамырда күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
Гидрология департаменті
2024 жылдың 07–13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
2024 жылдың 11 мамырында қатты жауын-шашын болжамына байланысты, 11-12 мамыр аралығында Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ұзын Қарғалы өзені - Фабричный ауылының гидрологиялық бекетінде тауларда қардың қарқынды еруі және температуралық фонның жоғарылауы нәтижесінде су деңгейінің күрт өсуі байқалады. Су деңгейі 10.05.2024 ж. сағат 17.30-де 160 см құрады. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі мүмкін. Шеткі (критикалық) деңгей 160 см.
Проходная өзені – сағасы гидрологиялық бекетінде қатты жауын-шашынның өтуі және температураның жоғарылауы нәтижесінде су деңгейінің күрт өсуі байқалады. Су деңгейі 10.05.2024 ж. сағат 17.30-де 298 см құрады. су деңгейінің одан әрі көтерілуі мүмкін. Шеткі (критикалық) деңгей 310 см.
Гидрометорталық
Дауылды ескертулер күтіледі:
11 мамырда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 11 мамырда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 11 мамырда түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
11 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Өскемен қ.: 11 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
11 мамырда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Семей қ.: 11 мамырда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.
11 мамырда Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Көкшетау қ.: 11 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
11 мамырда күндіз Алматы облысы және Алматы қаласының тау етегіндегі, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудадарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.
Алматы қ.: 11 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.
Қонаев қ.: 11 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.
11 мамырда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 11 мамырда кей уақыттарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 мамырда Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 11 мамырда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
11 мамырда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Қостанай қ.: 11 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Петропавл қ.: 11 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
11 мамырда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 11 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
11 мамырда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
11 мамырда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ. : 11 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
11 мамырда Қарағанды облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі.
11 мамырда облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.