
Дауылды ескерту
2024 жылғы 09 мамырдан
2024 жылдың 10–13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
10 мамырда күндіз Алматы облысының батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Қонаев қ.: 10 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.
10 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 10 мамырда кей уақыттарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.
Петропавл қ.: 10 мамырда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
10 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 10 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 10 мамырда кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
10 мамыр күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 10 мамыр түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
10 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қ.: 10 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10 мамырда Ақмола облысының солтүстігінде, шыгысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шыгысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 10 мамырда кей уақыттарда найзағай, бұршақ күтіледі.
10 мамырда Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 10 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
10 мамырда түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың батысында, солтүсігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 мамырда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 мамырда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 мамырда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі.
10 мамырда облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 мамырда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі
10 мамырда облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ. : 10 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.