МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер 

2024 жылғы 06 мамырдан

Алматы қ.: 2024  жылдың 07–13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

2024 жылғы 08 мамырдан

Астана қ.: 09 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 09 мамырда таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шымкент қ.: 09 мамырда күндізкей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

09 мамырда күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде тауларда, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-     20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан қ.: 09 мамырда күндіз кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

09 мамырда күндіз Жамбыл облысының батысында, онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 мамырда Қызылорда облысында түнде солтүстігінде, орталығында, күндіз шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. 09 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қызылорда қ.: 09 мамырда жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 мамырда күндіз  Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі.  Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 09 мамырда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

09 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ. : 09 мамырда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с.

09 мамыр күндіз Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Орал қ.: 09 мамыр жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

09 мамырда түнде Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 09 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

09 мамырда Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

09 мамырда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 09 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 мамырда Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 09 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

09 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 09 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

09 мамырда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыстқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 09 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыстқа ауысады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

09 мамырда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 09 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

09 мамырда Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
08 мая 2024
Дата обновления
08 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы