МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

 2024  жылдың 07–13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

08 мамырда Түркістан облысының батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

08 мамырда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

08 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүсігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

08 мамырда күндіз Ақтөбе облысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

08 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

08 мамырда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

08 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

08 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

08 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 мамырда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 мамырда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 08 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 08 мамырда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

 08 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, 09 мамырда тәулік бойы облыстың батысында, онтүстігінде таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

 08 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, орталығында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Дата публикации
07 мая 2024
Дата обновления
07 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы