МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылғы 07-13 мамырда күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

Гидрология департаменті

2024 жылдың 05-07 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

2024  жылдың 07 – 13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Гидрометорталық

07 мамырда күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 07 мамырда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.

07 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батыстқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.  Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Петропавл қ.: 07 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батыстқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.  

07 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Астана қ.: 07 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

07 мамырда түнде Павлодар облысының шығысында 2 градус үсіқ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: 07 мамырда түнде топырақтың бетінде 1 градус үсік күтіледі.        

07 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 07 мамырда оңтүстік-батыстан жел, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

07 мамырда түнде және таңертең Ақтөбе облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

07 мамырда түнде Абай облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

07 мамырда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 мамырда Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.

Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 мамырда Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Орал қ.: 07 мамырда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

07 мамырда Атырау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.                    

07 мамырда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі.

07 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

07-08 мамырда Түркістан облысының батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Дата публикации
07 мая 2024
Дата обновления
07 мая 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы