
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 06-07 мамырда күтілетін қауіпті, апатты гидрометеорологиялық құбылыстары және қар көшкіні қауіпі туралы дауылды ескертулер
2024 жылдың 02 – 06 мамыр аралығында қатты жауын-шашынның түсуінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
2024 жылдың 05-07 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
05 мамырда күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 06 мамырда түнде облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 05 мамырда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, 06 мамырда түнде облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 05-06 мамырда облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 05 мамырда таңертең және күндіз, 06 мамырда түнде екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 30 м/с және одан аса күтіледі.
Тараз қ.: 05 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл, 06 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 05 мамырда таңертең және күндіз, 06 мамырда түнде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
05 мамырда Түркістан облысында жаңбыр, таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, облыстың тау асуларында 30 м/с және аса.
06 мамырда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде 18-23, кей уақытта екпіні 29 м/с.
Алматы қ.: 06 мамырда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, бұршақ. Батыс желі, найзағай кезінде 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 06 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.
06 мамырда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 06 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
06 мамырда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 06 мамырда кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 06 мамырда түннің бірінші жартысында кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
06 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
06 мамырда түнде Абай облысында жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
06 мамырда түнде Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі.
Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 06 мамырда түнде тұман күтіледі.
06 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ.: 06 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
06 мамырда түнде және таңертең Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
06 мамыр күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 06 мамыр жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
06 мамырда түнде Ақтөбе облыстың солтүстігінде 3 градус үсік сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақтөбе қ.: 06 мамырда түнде 1-3 градус үсік сақталады.
06 мамырда күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
Қостанай қ.: 06 мамырда оңтүстік-батыстан жел, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
06 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с
Петропавл қ.: 06 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
06 мамырда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
Астана қ.: 06 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Көкшетау қ.: 06 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
06 мамырда түнде Павлодар облысының батысынды, солтүстігінде 2 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
06 мамырда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 06 мамырда түнде топырақтың бетінде 2 градус үсік күтіледі.
06 мамырда түнде және таңертең Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.