
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 04 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
Шымкент қ.: 03 мамырда кешке, 04 мамырда тәулік бойы найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
2024 жылдың 03–06 мамыр аралығында қатты жауын-шашынның түсуінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
04 мамырда тәулік бойы Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
04 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 мамырда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
04 мамырда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
04 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысынын солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
04 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
04 мамырда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.
04 мамырда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 мамырда күндіз Павлодар облысында батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
04 мамыр түнде Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
04 мамырда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 мамырда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік күтіледі.
04 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 мамырда Ұлытау облысының орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.