
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылғы 03-06 мамырда күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
Гидрология департаменті
2024 жылдың 01-03 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Гидрометорталық
01 мамыр Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады. 02 мамыр түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады. 02-03 мамыр түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1-6 градус үсік күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Гидрология департаменті
2024 жылдың 02 – 06 мамыр аралығында қатты жауын-шашынның түсуінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Гидрометорталық
03 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Петропавл қ.: 03 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 мамырда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 03 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
03 мамырда Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
03 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 03 мамырда оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 мамыр күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 03 мамыр солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
03 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Астана қ.: 03 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
03 мамырда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
03 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
03 мамырда күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 мамырда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
03 мамырда облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.
03 мамырда облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
03 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 мамырда Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.