
Дауылды ескертулер
26.04.2024 ж.
Алматы қ., Алматы обл.: 2024 жылдың 27 сәуір – 02 мамыр аралығында жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
30.04.2024 ж.
Алматы қ., Алматы обл.: 2024 жылдың 01-03 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
01 мамыр Абай облысында жаңбыр, күндіз облыстың орталығында жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, 02 мамыр түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
01 мамыр Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады. 02 мамыр түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады. 02-03 мамыр түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1-6 градус үсік күтіледі.
01 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 30 сәуірде күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 02 мамырда облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 30 сәуір-02 мамырда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 30 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 01-02 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 01 мамырда тәулік бойы, 02 мамырда түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 30 сәуірде түнде және таңертен тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 01 мамырда таңертең және күндіз, 02 мамырда түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с күтіледі.
01 мамырда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 01-02 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 01 мамырда жел солтүстіктен соғады, түнде 15-20 м/с күтіледі. 01-02 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.
01.05.2024 ж.
Астана қ.: 02 мамырда батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
02 мамырда Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 02 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы қ.:02 мамырда түнде кей уақытта найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпінді жел 18-23 м/с.
02 мамырда түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с. Қонаев қ.: 02 мамырда түнде кей уақытта найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с.
02 мамыр түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Орал қ.: 02 мамыр түнде найзағай күтіледі.
02 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. 02 мамырда облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 мамырда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 02 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
02 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
02 мамырда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
02 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың онтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 02 мамырда түнде жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
02 мамырда Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ: 02 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
02 мамырда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. 02 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 02 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
02 мамырда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 02 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 02 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
02 мамырда күндіз Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 02 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
02 мамырда Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
02 мамырда түнде Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде, отралығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 02 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
02-03 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.