
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 30 сәуірде күндіз ауа температурасы 6-8 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 01 мамырда түнде жауын-шашын, кей уақыттарда катты жауын-шашын жаңбыр қарға ұласады, күндіз жаңбыр күтіледі. 30 сәуірде жаңбыр, күндіз катты жаңбыр. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 01 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
2024 жылдың 27 сәуір – 02 мамыр аралығында жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
01-03 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
30 сәуірде Ақтөбе облысында ауа температурасы күндіз 10-15 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 01 мамырда түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік болжанады.
30 сәуірде Қостанай облысында жаңбыр, облыстың батысында, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. 30 сәуірде күндіз ауа температурасы 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 01 мамырда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, жаңбыр қарға ұласады, ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус үсікке дейін төмендейді.
30 сәуірде күндіз Ақмола облысында жаңбыр жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. 30 сәуірде күндіз ауа температурасының 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 01 мамыр түнде жауын-шашын күтіледі, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауады, жаңбыр қарға ұласады, ауа температурасы 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендейді.
01 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
01 мамыр түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады, жаңбыр қарға ұласады. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
30 сәуірде күндіз Павлодар облысында ауа температурасы 6-11 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 01 мамырда түнде жауын-шашын, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын жауады, жаңбыр қарға ұласады, күндіз жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. 01 мамыр түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
01 мамыр түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады, жаңбыр қарға ұласады, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
01 мамыр түнде Қарағанды облысында жауын-шашын күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын жауады, жаңбыр қарға ұласады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
01 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 30 сәуірде күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 02 мамырда облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 30 сәуір-02 мамырда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 30 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 01-02 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 01 мамырда тәулік бойы, 02 мамырда түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күтіледі.
30 сәуірде Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
30 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстік жартысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. 30 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 сәуірде күндіз Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
30 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстікке ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
30 сәуірде күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 30 сәуірде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 30 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпті күтіледі.
30 сәуірде күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 30 сәуірде облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 сәуірде Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 сәуірде Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.
30 сәуірде күндіз Абай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
30 сәуірде Қостанай облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
01 мамыр Абай облысында жаңбыр, күндіз облыстың орталығында жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, 02 мамыр түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
01 мамыр Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады. 02 мамыр түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) жауады. 02-03 мамыр түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1-6 градус үсік күтіледі.