МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылғы 29 сәуірде-02 мамырда күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

Гидрология департаменті

2024  жылдың 27 сәуір – 02 мамыр аралығында  жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Гидрометорталық

27 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 27-28 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 27 сәуірде бұршақ, дауыл күтіледі. 27-29 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 27-29 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 27-28 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі. 28-29 сәуірде түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Тараз қ.: 27 сәуірде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 27-29 сәуірде түнде және таңертен тұман күтіледі.

28 сәуірде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

28-29 сәуірде облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 28-29 сәуірде жоғары өрт қауіпі сақталады.

28-29 сәуірде Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.

28-29 сәуірде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.  

28-29 сәуірде Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

29 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 29 сәуірде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 18 м/с.

29 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 29 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с .

Петропавл қ.: 29 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.

29 сәуірде түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, найзағай кезінде екпіні 23 м/с күтіледі.

Астана қ.: 29 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 29 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 сәуірде күндіз Абай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Семей қ.: 29 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

29 сәуірде күннің екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

29 сәуірде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ: 29 сәуірде оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 сәуірде Түркістан облысының тауында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 29 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 29 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

29 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

29 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

29 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 29 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні  15-20 м/с.

 

 

Дата публикации
28 апреля 2024
Дата обновления
28 апреля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)
Жедел ақпарат
17 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы