
Жер сілкінісі
ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 27 Сәуірде 07 сағат 44 мин 25 сек жер сілкінісі тіркелді, оның эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 915 км жерде (ШҚО, Катонқарағай ауданы, Малонарымка ауылынан 7 км жерде, таулы жер) орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.7. MPV магнитудасы 4.0. Эпицентрдің координаттары 49.27° С. Е. 84.91° ш. б. тереңдігі 20 км. сезгіштік туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезгіштік жоқ. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.
Дауылды ескертулер
2024 жылғы 24 сәуірден
2024 жылдың 25-27 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2024 жылғы 26 сәуірден
Алматы қ.: 2024 жылдың 27 сәуір – 02 мамыр аралығында жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2700 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
27 сәуірде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Жезқазған қ.: 27 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
27 сәуірде Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 27 сәуірде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Түркістан қ.: 27 сәуірде таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 27 сәуірде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
27 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 27-28 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 27 сәуірде бұршақ, дауыл күтіледі. 27-29 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 27-29 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 27-28 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі. 28-29 сәуірде түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. Тараз қ.: 27 сәуірде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 27-29 сәуірде түнде және таңертен тұман күтіледі.
27 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. 27 сәуірде облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 27 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
27 сәуірде Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі. 27 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
27 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
27 сәуірде Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
27 сәуірде Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.
27 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.