МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

2024 жылдың 25-27 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Алматы қ.: 26 сәуірде түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 26 сәуірде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

25 сәуірде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, 26 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 24-26 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 24 сәуірде күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 24-26 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 24 сәуірде күндіз екпіні 23 м/с, 25-26 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі.

26 сәуірде түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта              23-28 м/с.

26 сәуірде түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.

26 сәуірде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

26 сәуірде түнде және таңертең Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с.

26 сәуірде түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

26 сәуірде Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с күтіледі.

26 сәуірде Ақмола облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

26 сәуірде Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.

26 сәуірде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

26 сәуірде Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Дата публикации
25 апреля 2024
Дата обновления
25 апреля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы