
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 22 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
Шымкент қ.: 22 сәуірде күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
2024 жылдың 22 cәуір жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
23 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 23 сәуірде күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. 21-22 сәуірде күндіз, 23 сәуірде тәулік бойы облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21-22 сәуірде облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 21-23 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 21 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
22 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 сәуірде күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
22 сәуірде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде дауыл күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
22 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.
22 сәуірде күндіз Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
22 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында оңтүстігінде найзағай күтіледі.
22 сәуірде күндіз Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында солтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 сәуірде күңдіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.
22 сәуірде Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.
22 сәуірде күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с.
22 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.