МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылғы 21-23 сәуірде күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

Гидрология департаменті

2024 жылдың 20-22 cәуір аралығында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Гидрометорталық

23 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 23 сәуірде күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі. 21-22 сәуірде күндіз, 23 сәуірде тәулік бойы облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21-22 сәуірде облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 21-23 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 21 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 23 сәуірде кей уақытта найзағай күтіледі.

21 сәуірде Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Шымкент қ.: 21 сәуірде шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 21 сәуірде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

21 сәуірде күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с.

Қызылорда қ.: 21 сәуірде күндіз шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

21 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 24 м/с.

21 сәуірде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

21 сәуірде Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 21 сәуірде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

21 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

21 сәуірде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

21 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.         

21 сәуірде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 сәуірде күннің екінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 Петропавл қ.: 21 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

 

Дата публикации
20 апреля 2024
Дата обновления
20 апреля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы