
Дауылды ескертулер
18 сәуірде түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 19-20 сәуірде күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 18-20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 18 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. 18-20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, 18-19 сәуірде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
2024 жылдың 20-22 cәуір аралығында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
20 сәуірде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Шымкент қ.: 20 сәуірде шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 20 сәуірде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
20 сәуірде күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 20 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
20 сәуірде Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
20 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
20 сәуірде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
20 сәуірде Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.
Жезқазған қ.: 20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.
20 сәуірде күндіз Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Талдықорган қ.: күндіз 20 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
20 сәуірде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
20 сәуірде Ақтөбе облыстың оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
20 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
20 сәуірде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі.