МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылғы 17-19 сәуірде күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

Гидрология департаменті

2024 жылғы 16-17 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Гидрометорталық

Күндіз 15 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, түнде 16 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 15 сәуірде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 16 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16-17 сәуірде, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Гидрология департаменті

2024  жылдың 17-19 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

16-17 сәуірде қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты Көкшоқы өз. Үлкен Алматы өзені алабында және Ақжар өз. Ақсай өзені алабындағы жергілікті шағын сел ағындарының қалыптасу қауіптілігі бар.

Гидрометорталық

17 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші  15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 17 сәуірде түнде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.

17 сәуірде түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана қ.: 17 сәуірде  найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 17 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр, күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Павлодар қ: 17 сәуірде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 сәуірде түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 17 сәуірде түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

17 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, екпіні 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 17 сәуірде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

17 сәуірде түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 17 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с.

17 сәуірде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ.: 17 сәуірде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

17 сәуірде Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.         

17 сәуірде Ақтөбе облысының түнде солтүстік жартысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қ.: 17 сәуірде түнде найзағай күтіледі.

17 сәуірде түнде Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай к.: 17 сәуірде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

17 сәуірде күннің екінші жартысында Абай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

17 сәуірде түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 17 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

 

Дата публикации
17 апреля 2024
Дата обновления
17 апреля 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы