
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 16-17 сәуірде күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары және қар көшкіні туралы дауылды ескертулер
2024 жылдың 13-16 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Күндіз 15 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, түнде 16 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз 15 сәуірде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, 16 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16-17 сәуірде, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16 сәуірде найзағай күтіледі. Түнде 16 сәуірде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 15 сәуірде, тәулік бойы 16 сәуірде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 сәуірде түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың таулы аудандарында бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 16 сәуірде түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 15 сәуірде күннің екінші жартысында, 16 сәуірде тәулік бойы кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Алматы қ.: 16 сәуірде түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 16 сәуірде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
16 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
16 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 16 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
16 сәуірде Ақтөбе облысының түнде батысында, сотлүстігінде, орталығында, күндіз солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе қ.: 16 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 сәуірде күндіз Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 16 сәуірде күндіз найзағай күтіледі, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде күннің екінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың батысында екпіні 25 м/с.
Петропавл қ.: 16 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
16 сәуірде күннің екінші жартысында Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
16 сәуірде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 16 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
16 сәуірде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, орталығында тұман.
16 сәуірде Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с сақталады.