МЧС

Меню

Страницы

Статья

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 12-14 сәуірде күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары және қар көшкіні туралы дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

 Дауылды ескерту № 15 қар көшкін қауіпі туралы 10.04.2024 ж.

 

2024 жылдың 11-12 сәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында  қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

№8 АГҚ дауылды ескерту 11.04.2024 ж. сағ. 12:30

2024 жылғы 12 сәуірде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Дауылды ескерту жергілікті АГҚ №06 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

12 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солүстік-шығыстан жел соғады екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

 

№ 04 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуірдің 20 сағ. 14 сәуірдің 20 сағ. аралығы

 

14 сәуірде күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 12 сәуірде облыстың таулы аудандарында, 13 сәуірде күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында, 14 сәуірде күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 12-14 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 12-13 сәуірде екпіні 23 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 12 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 14 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.

 

№10 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 2024 ж. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

 12 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың  солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с.

Шымкент қ.: 12 сәуірде таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 12 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

№07 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуірдің 20 сағ. 12 сәуірдің 20 сағ. аралығы

 12 сәуірде таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с.

Алматы қ.: 12 сәуірде таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Қонаев қ.: 12 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.

 

№05 КҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірінен 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

 

12 сәуірде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Талдықорган қ.: 12 сәуірде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

 

№ 04 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

 

Түнде 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Өскемен қ.: 12 сәуірде жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

№ 06 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

 

Түнде 12 сәуірде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Семей қ.: 12 сәуірде жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

№ 11 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 2024 ж. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

12 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысында шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 күндіз екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 12 сәуірде күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

 

№ 11 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

 12 сәуірде түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ: 12 сәуірде түнде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі.

 

№11 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуірдің 20 сағ. 12 сәуірдің 20 сағ. аралығы

12 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысынының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Астана қ.: 12 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

№ 11 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 2024 ж. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

 12 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 12 сәуірде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.            

 

№ 07 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірге 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

 

12 сәуірде тунде және таңертең Ақтөбе облыстың орталығында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе қ.: 12 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

 

№09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 2024 ж. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

12 сәуірде түнде Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз шығысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

№09 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 2024 ж. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

12 сәуірде түнде Ұлытау облысының шығысында аздаған жауын-шашын (көбінесе жанбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

 

            №11 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 2024 ж. 12 сәуір 20 сағ. аралығы 

12 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

№03 ҚҚ дауылды ескерту 2024 жылғы 11 сәуірден 2024 ж. 11 сәуір 20 сағ. 12 сәуір 20 сағ. аралығы

12 сәуірде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с сақталады.

Қызылорда қ.: 12 сәуірде жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дата публикации
11 апреля 2024
Дата обновления
11 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы