МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер

2024 жылдың 18 наурызда Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

 

2024 жылғы 18 наурызда күндізгі ауа температурасының жоғарлауына байланысты Алматы облысының тау және тау етегіндегі аудандары мен Алматы қ. маңындағы таулы аудандарда қарқынды қар еруі, беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар жазық аумақтарда еріген қар ағынының қалыптасуымен қатар судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

2024 жылдың 18 наурызда температуралық фонның жоғарылауы болжамына байланысты Жамбыл облысында (Сарысу, Талас және Жуалы аудандары) қарқынды қар еруі, еріген қар, беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 

19 наурызда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 18-19 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.         18-19 наурызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Тараз қ.: 19 наурызда күндіз найзағай күтіледі. 18-19 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

18 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 18 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

18 наурыз Атырау облысында жауын шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ.: 18 наурыз жауын шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман.

 

18 наурызда Маңғыстау облысының облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

 

18 наурызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

18 наурызда күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

 

18 наурызда Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

 

18 наурызда Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

 

18 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды қ.: 18 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

18 наурызда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

 

Дата публикации
16 марта 2024
Дата обновления
16 марта 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы