
«Қазгидромет» РМК хабарлауы бойынша дауылды ескертулер
2024 жылдың 13-15 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның күтілуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
14 наурызда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 14-15 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 14-16 наурызда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 14-16 наурызда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 14 наурызда кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. 14-16 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 наурызда түнде және таңертең Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда мұзтайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан шығыс бағытқа ауысады, түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында 15-20, кей уақытта екпіні 24-29 м/с.
Алматы қ.: 15 наурызда түнде және таңертең кей уақытта қатты қар, тұман, жолдарда мұзтайғақ күтіледі.
Қонаев қ.: 15 наурызда түнде кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.
15 наурызда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Түнде және таңертен таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
15 наурызда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 15 наурызда түнде тұман күтіледі.
15 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 15 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 наурыз күндіз Атырау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 15 наурыз күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
15 наурызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 15 наурызда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі.
15 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
15 наурызда Ақмола облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 15 наурызда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
15 наурызда Павлодар облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ: 15 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі.
15 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
15 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 15 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі.