
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 607 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығының жобасы газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және қысыммен жұмыс істейтін, оларды сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын ыдыстар иелерінің өнеркәсіптік тұтынушыларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен өткен кеңестің хаттамалық шешімін іске асыру шеңберінде әзірленді.
Осы бұйрық жобасы тізілімді жүргізу кезінде артық құжаттаманы ұсынуды болдырмау және редакциялық жақсартулармен және Қағидалардың жекелеген ережелерін өзектендірумен байланысты бірқатар түзетулерді көздейді.
Қоғаммен бұйрық жобаны талқылау үшін 2024 жылғы 23 ақпанда Ашық НҚА сайтында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14952364) және 2024 жылғы 28 ақпандағы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында орналастырылды.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкелмейді.