
2022-2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін дамытудың тұжырымдамасының 14-тармағына сәйкес «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, күтіп-ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығына өзгерістер енгізілді (ҚР ӘМ-де 2 маусымда тіркелген 2015 жылғы № 11243).
Бұйрықтың жобасы құрылымдардың әрбір түріне материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі талап көзделген № 5 қосымшамен толықтырылды («Азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету»).
Бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға жедел ден қою үшін азаматтық қорғау құралымдарын сапалы және уақтылы жарақтандыруға, сондай-ақ азаматтық қорғауды қалыптастыруды тұрақты әзірлікте ұстауға және табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлардан болатын залалды азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті