
Қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі қызметтердің бірі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері (бұдан әрі – ӨҚС КАҚҚ), сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық – құтқару қызметтері (бұдан әрі – ӨҚС КОАҚҚ) болып табылады.
Мәселен, «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 16-бабы
3-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олар бойынша жұмыстарға тартылатын ұйымдар қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтанға қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған шарттар жасасуға не ӨҚС КОАҚҚ құруға міндетті.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен (ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығы, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 360 бұйрығы) осы қызметтерді жарақтандыру жөніндегі талаптар айқындалған.
Алайда, қолданыстағы заңнамада авариялық-құтқару жабдықтарын растау құқығы белгіленбегендіктен, іс жүзінде қауіпті өндірістік объектіде тау-кен, газдан құтқару, фонтанға қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына куәлік алуға үміткер адамдар мүлікті жалдау шартын қоса береді.
Өз кезегінде, қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету кезінде ӨҚС КОАҚҚ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың зардаптарының алдын алуды және жоюды, аймақтағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін бірқатар жұмыстарды (авариялық-құтқару жұмыстарын; профилактикалық жұмыстарды; техникалық жұмыстарды) жүзеге асырады («Азаматтық қорғау туралы» Заң және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығы).
ҚР "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 26-бабына сәйкес кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметі ерекше сипатта болады, қызметкерлердің осы қызметтер басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін мүлтіксіз орындауына әкеп соғады.
Осылайша, аталған нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнынан апаттық-құтқару, профилактикалық, техникалық жұмыстарды дереу көрсету үшін ӨҚС КОАҚҚ арнайы және құтқару техникасымен жарақтандырылуы міндетті екендігі анықталды.
Қоршаған орта үшін де, халық үшін де ӨҚС КАҚҚ және ӨҚС КОАҚҚ қызметтерін уақытылы көрсетпеуінен болуы мүмкін қайтымсыз салдарларды ескере отырып, «Азаматтық қорғау туралы» заңның меншік құқығымен авариялық-құтқару мүлкімен жарақтандыру бөлігіне өзгерістер енгізу қажет.
Бұдан басқа, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, ӨҚС КОАҚҚ сияқты, соңғыларына да қауіпті өндірістік объектіде тау-кен, газдан құтқару, фонтанға қарсы жұмыстарды жүргізуге тиісті өкілеттіктер берілгеніне қарамастан, ӨҚС КОАҚҚ тұтастай алғанда аттестаттауға жатпайды.
Бұл ретте, белгілі болғандай, ӨҚС КОАҚҚ аттестаттау бойынша талаптарды енгізу қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын кәсіпорындарда қауіпсіздік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ӨҚС КОАҚҚ аттестаттаусыз ұйымның төтенше жағдайларға тиімді ден қою, сондай-ақ оларды оқшаулау және жою үшін қызметкерлері мен авариялық-құтқару мүлкі болатынына кепілдік жоқ.
«Азаматтық қорғау туралы» заңның аттестаттау бөлігіне өзгерістер енгізу қажет деп санаймыз.
Осы жобалар бойынша шоғырландырылған ұстанымды жан-жақты қарау және әзірлеу мақсатында ағымдағы жылдың 20 шілдесінде сағат 11.00-де «zoom» режимінде жоспарланған жұртшылық өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен талқылауға қатысу ұсынылады (байланыс тел.:
24-87-45, 27-40-19)