
Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау сапасын арттыру және оны қолдануға дайын ұстау мақсатында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 611 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығының жобасын әзірледі» (бұдан әрі – Бұйрық).
Осы бұйрық «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасына азаматтық қорғаныс мүлкіне қызмет көрсету және мерзімді тексерулер жүргізу тәртібіне қатысты толықтырулар енгізілді.
Бұйрықтың жобасы талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14600705).