
Құрметті қоғам өкілдері мен мүдделі тұлғалар!
Сіздерді, 2023 жылғы 07 маусымда сағат 11:00-де «zoom» режимінде өтетін ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынатын өндірістік бақылау қызметін құру жөніндегі талапты енгізу, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияны беру бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы енгізілетін реттеуші құралдардың реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін қоғамдық тыңдалымына шақырамыз.
Ағымдағы жылғы 01 маусымда сағат 11-00-де «Ашық НҚА» порталында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы енгізілетін реттеуші құралдардың реттеушілік әсерін талдау нәтижелері орналастырылатын болады.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау «Ашық НҚА» порталында «on-line» режимінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтетін болады.
Осы іс-шараға қатысу үшін ағымдағы жылғы 31 мамырға дейінгі мерзімде деректерді келесі кестеге сәйкес gazizov.a@emer.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз:
|
№ |
Ұйым |
ФИО |
Лауазымы |
Байланыс (ұялы телефон, email) |
|
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
Қосымша ақпарат үшін тел.: +7 (7172) 27-40-55