МЧС

Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңеске жастарды іріктеу бойынша қосымша конкурс

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына 2 адам құрайтын жастарды сайлауға конкурс жарияланып жатқанын хабарлайды.

Ескерту: «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жастар он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы No 69 бұйрығының 36-тармағына сәйкес өткізіледі.

Осылайша, азаматтық қорғау органдарының қызметі жөніндегі Қоғамдық кеңес 2023 жылғы 13 сәуірден 26 сәуірге дейін коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жас кандидаттар үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазбаша түрде ұсыныстарды қабылдайды.

Еске салайық, кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптар қойылады.

Байқауға қатысу үшін мыналарды тапсырыңыз:

1) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңеске кандидат ұсыну туралы өтініші;

2) өмірбаяндық деректері көрсетілген кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолданумен байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Әрбір коммерциялық емес ұйым және өз ұсыныстарын берген әрбір азамат бір кандидаттан артық емес ұсына алады.

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлер конкурсқа жіберілмейді.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша ұсыныстар заңнамада белгіленген мерзімде индекс 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 2-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мекенжайына, сондай-ақ электрондық пошта мекенжайы: erak-2007@mail.ru (м.т. 8 (701) 191-10-41).

Дата публикации
12 апреля 2023
Дата обновления
12 апреля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы