МЧС

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
mchs@emer.kz
Аккаунты соц. сетей:
Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі
Общая информация, образование

  Мұрат Сейтмолдаұлы 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, ал 2020 жылы Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.

Карьера

  Азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызмет жолын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты ретінде бастап, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына дейінгі барлық қызметтік сатылардан өткен.

  Еңбек жолын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2006-2010 жылдары мемлекеттік өрт бақылау бағыты бойынша әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2010 жылы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2016 жылы өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы болды. 2017 жылдан бастап департамент бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдан бері Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып жұмыс істеді, 2026 жылдан бастап ҚР ТЖМ аппаратының басшысы қызметін атқарды.

  2026 жылдың 3 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.

  Мұрат Сейтмолдаұлы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

 

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы