МЧС

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
mchs@emer.kz
Аккаунты соц. сетей:
Аманбаев Марғұлан Топашұлы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы
Общая информация, образование

  Марғұлан Аманбаев 1973 жылғы 20 қаңтарда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1995 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.

  Генерал-майор. 

  Мемлекеттік награда – II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Карьера

  Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2000 жылы Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің № 8 өрт сөндіру бөлімінің инженері лауазымынан бастаған. Қызмет жылдары кәсіби және басқарушылық қалыптасудың барлық негізгі сатыларынан өтіп, елорда гарнизонының әртүрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.

  2020 жылы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. 2023 жылдан бастап ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2024 жылғы қыркүйекте Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

  Қызмет өткерген жылдары Марғұлан Аманбаев азаматтық қорғау жүйесін дамытуға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмысты жетілдіруге, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы