Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Іс-шара аясында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Үздік құтқарушыларға мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, «Құтқарушы» және «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгілері, еңбек сіңірген жылдары мен ерлігі үшін медальдар, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі, департамент және облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына да ерекше көңіл бөлініп, олардың жақындарына қолдау көрсетілді. Бұл ерлік пен жанқиярлыққа көрсетілген құрметтің белгісі.
Салтанатты іс-шара шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Уважаемые водители автотранспортных средств!
Несмотря на принимаемые сотрудниками Департамента по чрезвычайным ситуациям Западно-Казахстанской области профилактические меры, направленные на обеспечение пожарной безопасности на автомобильном транспорте, отмечается тенденция к увеличению количества пожаров, возникающих на автотранспортных средствах, что обусловлено, в том числе, ростом их количества. В связи с этим призываем водителей строго соблюдать требования пожарной безопасности, регулярно проверять техническое состояние транспортных средств и ответственно относиться к мерам по предупреждению пожаров.
Возникновение пожара в автомобиле представляет угрозу жизни и здоровью людей, а также может привести к значительному материальному ущербу. Для предупреждения пожаров соблюдайте следующие правила пожарной безопасности.
Для предотвращения пожара необходимо:
1. Регулярно проверять исправность электропроводки и электрооборудования автомобиля.
2. Не допускать утечки топлива, моторного масла и других горючих жидкостей.
3. Содержать моторный отсек в чистоте, своевременно удалять масло, пыль, сухую траву и другие горючие загрязнения.
4. Своевременно проводить техническое обслуживание автомобиля.
5. Не использовать открытый огонь для прогрева двигателя.
6. При заправке автомобиля выключать двигатель.
7. Не бросать непотушенные окурки из окна автомобиля.
8. Иметь в автомобиле исправный огнетушитель в легкодоступном месте.
9. Не устанавливать самодельное электрооборудование и не вносить несанкционированные изменения в электропроводку.
10. Своевременно проверять газобаллонное оборудование автомобиля.
При возникновении пожара в автомобиле:
* Остановите автомобиль в безопасном месте и заглушите двигатель.
* Немедленно эвакуируйте пассажиров в безопасное место.
* Сообщите о пожаре по номерам 101 или 112.
* Приступайте к тушению возгорания только при отсутствии угрозы жизни и здоровью.
* При возгорании в моторном отсеке не открывайте капот полностью, чтобы не допустить усиления горения.
* При усилении пожара отойдите на безопасное расстояние и не допускайте приближения посторонних лиц.
Пожарная безопасность — обязанность каждого водителя!
Берегите свою жизнь и жизнь окружающих!
Шыңғырлау ауданының бөлім қызметкерлері «Болашақ» балабақшасында «Қауіпсіз эстафета» ұйымдастырды.
Іс-шара барысында бүлдіршіндерге ойын және көрнекі құралдар арқылы өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары, үйде және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру,төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар балалардың ерте жастан өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және маңызды қауіпсіздік ережелерін қолжетімді әрі қызықты түрде бекітуге көмектеседі.
Азамат Аманшиев – Орал қаласындағы мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі.
Азамат Құсайынұлы 1983 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылында дүниеге келген. Ол 2007 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарып келеді. Қызмет барысында талай күрделі жағдайларға тап болып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Оның кәсібилігі мен батылдығының жарқын үлгілерінің бірі – өрт кезінде адамды құтқаруы. Қауіпке қарамастан, Азамат Аманшиев жедел әрі батыл әрекет етіп, адам өмірін аман алып қалды. Бұл оқиға құтқарушы мамандығының қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін көрсетеді. Бұл мамандық жоғары кәсіби дайындықты ғана емес, батылдықты, жанқиярлықты және қиын сәтте көмекке келуге дайын болуды талап етеді.
Батыс Қазақстан облысында өртсөндірушілер мен құтқарушылар арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – жеке құрамның кәсіби даярлық деңгейін арттыру, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіру және үздік мамандарды анықтау.
Байқауғаоблыстың14 бөлімшесінен қызметкерлер қатысып, өзкәсіби біліктілігі мен тәжірибесін көрсетті.
Сайыс барысында қатысушылар күрделі практикалық кезеңдер бойынша бақ сынап, тапсырмаларды орындау кезінде шапшаңдық, төзімділік, дәлдік және командалық үйлесімділік танытты.Кәсіби шеберлік байқауы өртсөндірушілер мен құтқарушылардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және қызметтік дайындықты жетілдіруге бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Мұндай байқаулар мамандардың кәсіби әлеуетін арттырып, төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Бәйтерек ауданы ТЖБ қызметкерлері Достық ауылының орта мектебінде оқушылармен кездесу ұйымдастырды.
Мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытужәне өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығына қызығушылықтарын арттыру.
Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік шаралары көрнекі құралдар арқылы түсіндіріліп, құтқарушы мамандығы туралы ақпарат беріліп, МҒабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі, талаптары жеткізілді.
Орал қаласында мансап және жастарресурсы орталықтарымен бірлескен бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтті.
Департамент қызметкерлері келушілерге азаматтық қорғау жүйесінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, қызмет өткеру шарттары, кандидаттарға қойылатын талаптар мен кәсіби өсу болашағы туралы ақпарат жеткізді
Жәрмеңкеге қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, азаматтық қорғау органдарының қызметі туралы толығырақ ақпаратқа ие болды.
Мұндай кездесулер жұмыс берушілердің әлеуетті кандидаттармен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері «Батыс су арнасы» ЖШС нысанында жоспарлы практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында құтқарушылар химиялық қауіпті заттардың таралуы жағдайында қауіпсіздік талаптарын сақтау, зардап шеккендерді қауіпті аймақтан жедел шығару және эвакуациялау, алғашқы көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық дағдыларын пысықтады.Тәжірибелік оқу барысында қызметкерлердің жедел әрекет етуі, қойылған міндеттерді нақты орындауы және қауіпсіздік шараларын сақтауы назарға алынды.
Мұндай жоспарлы практикалық сабақтар құтқарушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді.
Ауданда «Жас құтқарушылар» сыныбының оқушыларына жылыту және балық аулау кезеңдеріндегі қауіпсіздік, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақ өткізілді.
Шыңғырлау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудандық аурухана мамандарымен бірлесіп, «Жас құтқарушылар» сыныбының оқушыларына практикалық сабақ ұйымдастырды.
Сабақ барысында оқушыларға жылыту маусымында және балық аулау кезінде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдарға және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету алгоритміне ерекше назар аударылды.
Медицина қызметкерлері оқушыларға алғашқы көмек көрсетудің негізгі тәсілдерін көрсетті. Оқушылар алған білімдерін практика жүзінде бекітіп, шынайы жағдайларға барынша жақындатылған жағдайда қажетті дағдыларды пысықтады.
Мұндай практикалық сабақтар балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге және мамандар келгенге дейін қажетті көмек көрсетуге дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.
Департамент ғимаратында әйелдер кеңесінің отырысы өтті.
Жиын барысында әйел қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби мәселелері, ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, отбасы мен қызмет арасындағы үйлесімділікті сақтау, сондай-ақәйелдердің қоғамдағы және қызметтегі рөлін арттыру мәселелері талқыланды.
Полиция және отбасын қолдау орталығының мамандарықызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауқұқықтық сауаттылық және психологиялық қолдаудың маңыздылығынатап өтті