Қаратөбе ауданы Аққозы ауылының Бесшағыл қыстағы «Досжан» шаруа қожалығында өрт шықты

Қаратөбе ауданы Аққозы ауылының Бесшағыл қыстағы «Досжан» шаруа қожалығында өрт шықты

 

2020 жылғы 16 қыркүйек сағат 04.28-де Қаратөбе ауданы Аққозы ауылының Бесшағыл қыстағы «Досжан» шаруа қожалығының аумағында 150 тонна жиналып тұрған шөп (500 рулон) жанды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

Өрт 12.28-де оқшауланып, 12.51-де толықтай жойылды.

Өртке ТЖД-дан 11 қызметкер және 2 бірлік техника, ЕӨҚ (ерікті өрт сөндіру құрылымынан) 6 қызметкер, 2 бірлік техника, аудандық полиция бөлімінен 2 қызметкер және 1 бірлік техника тартылды.

 

ҚҰРМЕТТІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ!

 

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ірі жемшөптерді (шөп, сабан және басқа да жанғыш материалдар) тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстардан және жолдардан алыс жерлерде сақтауды ұсынады.