
Автокөліктегі өрт!
Автокөліктің күнделікті жүру жиілігі мен жылдамдықтарының өсуі жол-көлік оқиғаларының орын алуына, адам өлімі мен материалдық шығын артуына әкеліп соғады. Автокөліктің пайдалану тиімділігін арттыру, оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Көлікті пайдаланудағы ең маңызды қауіпсіздіктің бірі, оның өртке қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі.
Автокөлікте орын алған өрттің салдары ауыр апаттарға, адам өлімі мен көліктің істен шығуына әкеліп соғады. Сондықтан, автокөліктеріңізді өрт қауіпсіздігі жағдайын арттыру мақсатында, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтаңыздар.
Автокөліктерде орын алған өрттерді талдау нәтижесінде, өрттердің шығуының басты себебі: автокөліктердің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан туындайтыны анықталуда. Егерде автокөліктің электр жүйесінің ақаулығы байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек.
Қаратөбе ауданының ТЖБ