
2020 жылдың 10 қыркүйек күні , Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Марат Балқашұлы Губайдуллиннің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты жеке құрамның дінге қатысты және өз-өзіне қол жұмсау бойынша білімдерін жетілдіру бағытында ұйымдастырылды. Кездесу барысында теолог маманы М.Б. Губайдуллин жеке құрамға діни ағымда адасып жүрген адамдар қандай жағдайға кезігіп жатқан қиыншылықтары және өзіне өзі қол жұмсау тығырықтан шығар жол емес екендігі туралы түсіндіріп өтті. Жеке құрам арасынан дінге қатысты қойылған сұрақтар талқыланып нақты жауаптар алынды.