№ 1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жұмыс тобының жеке құрам арасында суицидтің алдын алу жөніндегі «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында» отырысы өтті.

№ 1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде  жұмыс тобының жеке құрам арасында суицидтің алдын алу жөніндегі «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында» отырысы өтті.

Осыдан екі онжылдық бұрын суицид тақырыбы қарапайым тұрғындар арасында кеңінен талқыланбаған, бірақ суицид мәселесі барлық уақытта және барлық ұлттарда болған. "Суицид" термині адамның өз өмірін тоқтатуға бағытталған әрекеттерді дербес, көп жағдайда ерікті және қасақана орындауы деп түсініледі. Бүгінгі таңда суицид құбылысы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, жасалған суицидтік актілердің саны жылына орта есеппен сегіз жүз мың жағдайды құрайды . Өкінішке орай, біздің ведомство бұл қиындықты айналып өткен жоқ.

2020 жылғы 10 қыркүйек  күні  15 сағат  00 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО  ТЖД ӨС және  АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ  № 1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде  жұмыс тобының жеке құрам арасында суицидтің алдын алу жөніндегі «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында» отырысы өтті.   Отырысқа Орал қаласындағы облыстық орталық мешіттің Найб имамы Сабралиев Бақытжан Құралбай ұлы, Орал епархиясының Әулие Никольский приходының протерейі Александр Пушин Александрович, БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" МКК психологы Нұрсұлтанова Әсел Амангелдіқызы арнайы қонақ ретінде шақырылып, сөз сөйледі.  Сонымен қатар Қызметтің қызметкерлері де отырысқа арнайы қатысқан болатын. Отырыста тақырып талқыланып  және Қызметтің жеке құрамы арасында суицидтік іс-әрекеттер жасауға ықтимал әрекеттердің алдын алуға шақырды.