
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
2020 жылғы 09 тамыз күні 20 сағат 03 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қаласы Карев көшесі 107 де өрт шыққаны жөнінде хабарп келіп түсті. Өрт жұмыстарын барлау барысында жалпы ауданы 60 ш/м құрайтын жеке тұрғын үй шатыры және шаруашылық нысаны жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында Қызметтің 2 техникасы мен жеке құрамның 7 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт 21 сағат 06 минутта оқшауланып, 23 сағат 12 минутта толықтай жойылды.