#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
2020 жылғы 09 тамыз күні 10 сағат 00 минутта «Экстремизм және теріс діни ағымдар» тақырыбында БҚО бойынша Дін істер басқармасының теолог маманы Убаев Наурыз «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. Түсіндірме жұмыстары барысында қазіргі кезде қоғамымызды , адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп бара жатқаны туралы айтылып. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықта зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы Қызметтің қызметкерлеріне мәлімет бере отырып, мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілгені айтылып, осы адастырушы діни ағымдар туралы Қызметтің қызметкерлеріне мәлімет бере отырып және олардан аулақ болуын айтып өтті. Сонымен қатар Дін істер басқармасында сенім телефоны жұмыс жасайды және әрбір тұрғын сол телефонға қоңырау шалып өз өтінішін қалдыра алады.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ