Ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына!

Ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына!

2020 жылғы, 8 қыркүйектегі №117

 

ДАУЫЛДЫ АЛДЫН - АЛА ЕСКЕРТУ

Ұйымдарға, қалалық, аудандық АҚ МҚ басқару органдарына!

 

«Қазгидромет» РМК-ның 2020 жылғы 8 қыркүйектегі мәліметі бойынша:

Күндіз 9 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында: күндіз найзағай, жел оңтүстіктен соғады екпіні 18 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.

ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.