
ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
2020 жылғы 07 қыркүйек күні 00 сағат 39 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Тасқала ауданы, Тасқала селолық округі , Тасқала ауылында «Бек» шаруа қожалығында өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түсті. Өртті барлау жұмыстары барысында шаруашылық нысанының ашық жалынмен шатыры жанып жатқаны, сонымен қатар аумағы 1020 ш\м құрайтын кашар жәнеде 12 т\н шөп, 3 бас бұзау, 1 жылқы малы жанып жатқаны аынқталды. Шаруашылық нысанының жалпы аумағы 1440 ш\м құрайды. Өрт 04 сағат 25 минутта жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ