Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі

Ағымдағы жылғы 22 тамыздан бастап Жәнібек ауданы аумағында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі профилактикалық шаралар өтуде,  аудан тұрғындары мал азығын дайындап, тасымалдаған кезде өрттерді алдын алу мақсатында және Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы аумағында 2020-21 жылдардың қыс мезгілінде, жылыту маусымы кезінде адамдардың өрттен және тұншықтырғыш газдан қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу, тұрғын үй секторында өрт оқиғалардың алдын алу мақсатында, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 21 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында мал азығын дайындау кезінде және жылу беру маусымында тұрғын үй секторында  өрт оқиғаларын алдын алу, адамдардың тұншықтырғыш газдан қаза болуы мен жарақаттану оқиғаларын алдын алу шараларын өткізуде. Жергілікті тұрғындар арасында жадынамалар таратып, ауылдық округ аумағындағы тұрғындар арасында санитарлық нормаларға сай қауіпсіздікті сақтап түсінік әнгімелесулер өткізуде.

Бөлім атынан аудан аумағында орналасқан мекемелер мен ұйымдарға, ауылдық округ әкімдеріне жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау туралы және қыс кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу туралы қатынас қағаз жолдануда.

Сонымен қатар, әр ауылдық округтерге жадынамалар таратылып ауылдық округ акімі аппараттары арқылы жадынамалар таратылуда.

Аталған іс-шаралар барысында, аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылдық округ әкімдіктері және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында әлеуметтік осал отбасылары, тұрғылықты жері жоқ адамдардың тізімдері анықталып (мүгедектер, қарт адамдар – жалғыз тұратын), өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын күнделікті өмірде сақтау үшін жеке әңгімелесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмеке көрсететін  әлеуметтік қорғау бөлімінің қызметкерлері арасында түсінік шаралар атқарылуда.

Аудан аумағындағы мекемелердің қызметкерлерімен әсіресе өрт қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізіліп, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына өрт қауіпсіздік жаттығуларды жиі-жиі өткізуге ұсыныс берілді.

Аталған жұмыстар, 2020-21 жылдардың жылу беру маусымында да өз жалғасын табады.

Осы профилактикалық үгіт-насихат шаралар карантиндік режимін ескере отырып, барлық санитарлық нормаларға сай жүргізілуде.

Жәнібек ауданыТЖБ бастығының м.а.

азаматтық қорғау майоры Б.Испенбетов