
Жаңақала ауданында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық шаралар жалғасуда
Жаңақала ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп жылыту кезенінің қауіпсіз өтуі, тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша аулааралық, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғын үйлерді аралап профилактикалық шаралар жүргізді.
Профилактикалық шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үй тұрғындарымен әңгімелесулер өткізе отырып, тұрғын үй иелерінің келісімімен жылу жүйесіне тексерулер жүргізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс бойынша профилактикалық карточкалар толтырылып, жадынамалар табысталуда.
Жаңақала ауданы ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Е.Мамаев