
Доскалиевтер отбасы
Кейіпкеріміз Малик Сабыргалиевич Доскалиев мектепті бітіріп, Ресей Федерациясы Могнитогорск кен-металлургиялық институтына оқуға түскен. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң да азаматтық қорғау саласындағы еңбек жолы бірден бастала қоймаған екен. Мысал ретінде 1988-1995 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы мелиорация және су шаруашылығы бойынша өндірістік жөндеу басқармасының жетекші маманы лауазымында қызмет атқарады. Осылайша өрт сөндіру қызметіне 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап, қызмет баспалдағымен жоғары өрлейді. 2008 жылдың қыркүйек айынан БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып қызмет еткен жылдары білікті басшы, тәжірибелі маман ретінде ұжымның ұйымшылдығын арттыра білді. Талай жас маманның жігерін жандырып, жөн сілтей алды. Өз бойындағы білім мен тәжірибені өзгеге үйрете білудің өзі де ұлағаттылық. Азаматтық қорғау подполковнигі Малик Сабыргалиевич Доскалиев қанша жас өрт сөндіруші маманға үлгілі ұстаз болғаны үшін бірқатар грамоталар мен марапаттарға ие болған жан. Ол 2015 жылы «бейнеттің зейнетін көрер» жасқа жетіп, құрметті еңбек демалысына шықты. Қазіргі таңда отбасында бала-немерелерінің қызығын көруде.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» демекші, ұлдары Азамат пен Алмат жастайынан құтқарушы болуды армандаған. Әкесінің күн сайын алапат өртті сөндіріп, қанша адамды құтқарып жүргенін көрген ұлдарының жүрегі осы мамандыққа ұмтылып тұратын.
Үлкен ұлы Азамат Маликович Доскалиев Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген соң Ақжайық ауданы полиция бөлімінің мамандандырылған күзет қызметі бөліміне жұмысқа орналасады. Алайда әкесінің жолын қуған Азамат 2017 жылы өрт сөндіру қызметіне ауысып, қазіргі таңда Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында орналасқан № 10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметін атқарады.
Екінші ұлы Алмат Маликович Сабыргалиев Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін аяқтағаннан кейін 2014-2016 жж аралығында Маңғыстау облысында «жол құрылысы» саласы бойынша қызмет атқарған. Бірақ бала кезіндегі арманын іске асыру мақсатында 2016 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері лауазымына орналасып, адал қызмет атқаруда.
Ұлдары әкесі қол жеткізген деңгейді дәлелдеуі керек, осы жолда аянбай еңбек етуде.
Малик Сабыргалиевич Доскалиевтің жоғары принциптерін басшылыққа ала отырып, жастардың тапқырлығымен, жастығы және қайсарлығымен үйлесімді ұштастыра отырып, баға жетпес жұмыс тәжірибесін қабылдай отырып, жас инженерлер Батыс Қазақстан облысының азаматтық қорғау гарнизоны тарихының беттеріне өзінің есімдерін жазады деген үміттеміз.
Ақжайық ауданы ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Кенжеғали Еламан Болатұлы
Доскалиев Малик Сабырғалиұлы
Кейіпкеріміз Доскалиев Малик Сабырғалиұлының мектепті бітіріп, Ресей Федерациясы Могнитогорск кең-металлургиялық институтына оқуға түскен. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң да азаматтық қорғау саласындағы еңбек жолы бірден бастала қоймаған екен. Мысал ретінде 1988-1995 жж аралығында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы мелиорация және су шаруашылығы бойынша өндірістік жөндеу басқармасының жетекші маманы лауазымында қызмет атқарады. Осылайша өрт сөндіру қызметіне 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап келеді. Еңбек жолы Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының Ақжайық аудандық мемлекеттік өртті бақылау инспекторы лауазымында бастайды. 1996 жылдың ақпан айынан 1999 жылдың маусым айына дейін Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы қызметін өткереді. Кейін Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Ақжайық ауданы 18-өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті бақылау тобының инспекторы қызметінде жалғастырады. Кейін БҚО Өртке қарсы қызмет департаменті Ақжайық ауданы өртке қарсы қызмет бөлімінің бас маманы лауазымына көтеріледі. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап БҚО ТЖД Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалады.
Қазіргі таңда Мәлік Сабырғалиұлының екі ұлы; атап айтқанда Доскалиев Азамат Маликович №10 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы лауазымында, ал екінші ұлы Сабыргалиев Алмат Маликович Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері ауазымында қызмет атқарады.