Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі
Сырым ауданының орталығы, Жымпиты ауылында, Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен, №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, демалыс күні ауыл тұрғындарына «Жылыту маусымы» кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, аула аралық шолулар ұйымдастырды. Тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамаларды табыстап, жылыту маусымына дайындығы, өрт қауіпсіздігінің сақталуы тексеріліп, түсінік беру жұмыстары жүргізілді.
Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында, мыналарды білу қажет:
- газ-жылу құбырын қосар кезде алауды оттықтың үстіне жақындатып, содан соң құбырды ашуды;
- үйден газдың иісі шыққан кезде ашық алау жағуға және электр желісін қосуға жол бермеу;
- ересектер жоқ кезде кішкентай балаларға өздігінен пеш жағуға немесе жанып жатқан пешті қарауға рұқсат бермеу;
- үй жиһазы, терезе жабыны және басқа да жаңғыш заттар пештен 0,5 м қашықтықта болуы;
- пештің алдында, көлемі 50х70 см көлемдегі қаңылтырдың болуы;
- газ-плита артындағы қабырғаға газет, дастархан және т.б. жанғыш заттарды ілмеу;
- шөп аула, тез тұтанғыш заттары бар қоймаларға жақын жерде ашық отты, қазандық пен монша жағуға жол бермеу;
- электр жүйелерінің ақауларын тек маманға ғана сеніп тапсыруды;
- пеш мұржасын күйеден тазарту.
Сырым ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау аға лейтенанты С. Әнес