
«Сауда үйлеріндегі өрт қауіпсіздігі» акциясы
2020 жылғы 3 қыркүйек күні Өрт қауіпсіздігі айлығы барысында Сауда үйлердегі өрттерді болдырмау мақсатында, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, БҚО Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Сауда үйлеріндегі өрт қауіпсіздігі» акциясы өткізілді.
Акция барысында ауданның азаматтық қорғау қызметкерлері «Трнава», «Алтындар», «Жарсуат» сауда үйлерінде кеңес үстелдерін орнатып, барлық сауда үйінің бутиктерін жалға алушылары мен келушілері өрт қауіпсіздігі ережелері сақтау және өрт туындаған жағдайда іс-қимылдары бойынша кеңес алды, сондай-ақ мамандар бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережесі туралы (өрт сөндіргіштер) көрнекі айтып берді.
Акция кезінде азаматтар арасында «Өрт қауіпсіздігі ережелері» және «Тұрғын үйдегі өрт кезіндегі іс-әрекет» жапсырма-жадынамалары мен нұсқауларды таратылып, жаңғыш заттарға жапсырылды.
Сауда үйлерінің келушілері арасында үлкен қызығушылық болды және олар өрт қауіпсіздігі ережелері туралы және өрт кезіндегі әрекеттер туралы қажетті ақпаратты алды, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелеріне үйренді.
Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осындай халықтың назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға аудару үшін «Сауда үйлеріндегі өрт қауіпсіздігі» акцияларын әрі қарай жалғастырады.
Бөрлі ауданы ТЖБ бас маманы
азаматтық қорғау майоры
А. Идалиева