
Шыңғырлау ауданында өрт қауіпсіздік айлығы.
Өрттерді алдын алу мақсатында, сонымен қоса өрт қауіпсіздік ережелерін оқып және алдын алу шараларын білу бойынша халықтың назарларын жоғарылату үшін Шыңғырлау ауданында тамыз айында «Өрт қауіпсіздік айлығы» басталды. Шыңғырлау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен айлық барысында өрт болған кезде адамдардың қазасы мен жарақат алуының алдын алу бойынша іс-шаралар кешені жоспарлануда.
Өрттердін негізгі шығу себептері электроқондырғыларды монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, тұрғындардың отпен абайсыздығы, пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, балалардың отпен ойнауы.
ТЖ бөлімінің қызметкерлері Шыңғырлау ауылының тұрғын үй секторында сенбілік өткізілді. Сенбіліктің алдында ТЖ бөлім бастығының міндетін атқарушысы Б. Б. Катчеков жеке құрамға нұсқаулық өткізілді.
Ауыл аралау кезінде тұрғындарға үйлерді және жеке қоныстарды өртке қарсы қауіпсіз жағдайда ұстау керектігі туралы түсініктемелермен ұсыныстар берілді. Сонымен қатар халыққа әзірленген өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар берілді.