
#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
2020 жылғы 03 тамыз күні 14 сағат 02 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Зашаған кенті, Кең дала шағын ауданы Тұмар ханым көшесі 7/1 орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түсті. Өртті барлау кезінде ауладағы материалдық құндылығы бар жиналған қамыс жанғаны анықталды. Қамыстың жалпы ауданы 15 ш/м құрайды. Оқиға орынында Қызметтің 1 техникасы мен жеке құрамның 6 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт 14 сағат 27 минутта толықтай жойылды.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ